Алматыда жоғалып кеткен кейуана өлі табылды

0
131

Хабарландыруда оның бағыт-бағдарды ажырата алмайтыны және есте сақтау қабілетінде проблемасы бары айтылған.


Алматыда жоғалып кеткен кейуана өлі табылды

Фото: lider.kz

ERNUR.KZ. Қалада бірнеше күн бұрын жоғалып кеткені хабарланған 70 жастағы кейуананың денесі табылды, деп жазады inbusiness.kz.

Lider еріктілер ұйымының мәліметінше, 1954 жылы туған Галина Коновалова 24 маусым күні сағат 17:00 шамасында “Дружба” бау-бақша өндірістік кооперативі ауданындағы үйінен шығып кеткеннен кейін сол күйі оралмаған.

Хабарландыруда оның бағыт-бағдарды ажырата алмайтыны және есте сақтау қабілетінде проблемасы бары айтылған.

Жоғалған кейуананың денесі кеше ғана табылғаны хабарланды. Дегенмен өлімнің себебі әлі нақтыланбады.