Алматыда жоғалған қыз табылды: Ол қоғамдық дәретханаға түсіп кеткен (видео)

0
127

Оны жергілікті полиция қызметкері Олжас Уразалиев тауып, құтқарды.


Алматыда жоғалған қыз табылды: Ол қоғамдық дәретханаға түсіп кеткен (видео)

Фото: Рexels.com

ERNUR.KZ. 25 жастағы Әсел Сербаева 10 наурыз күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Ол бүгін қоғамдық әжетханадан табылды, деп жазады stan.kz.

Әселдің денсаулығында ақау бар. Анасы қызының жоғалып кеткенін білген соң дереу дабыл қаққан.

Кейін Әсел қоғамдық әжетханадан табылды. Қыз әжетхана шұңқырына құлап кеткен екен. Оны жергілікті полиция қызметкері Олжас Уразалиев тауып, құтқарды.

Түрксіб аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Олжас Уразалиев ішкі істер органдарында 20 жылға жуық қызмет етіп келеді.