​Алматыда психикалық денсаулық орталығынан екі адам қашып кетті

0
157

Алматы қалалық Полиция департаменті, аталған азаматтарға қатысты іздеу жарияланғанын мәлімдеді.


​Алматыда психикалық денсаулық орталығынан екі адам қашып кетті

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Волонтерлердің хабарлауынша, психикалық ауытқуы бар науқастар емдеу мекемесінен 31 мамыр күні қашып кеткен, деп жазады inform.kz.

Олардың бірі — 32 жастағы Павел Лавров. Бойы 157 см, дене бітімі орташа, шашы қара, көзі қоңыр. Оң қолының білегінде тыртық іздері бар.

Екінші науқас —1992 жылы 16 қыркүйекте туған Денис Антипин. Бойы 180 см, дене бітімі орташа, шашы қою қоңыр. Ол да аталған мекемеден сол уақытта қашқан.

Алматы қалалық Полиция департаменті, аталған азаматтарға қатысты іздеу жарияланғанын мәлімдеді.