Бес адам тұрғын үй сертификаттарын кеше Мемлекет басшысының өз қолынан алған болатын.
фото:gov.kz.
ERNUR.KZ. Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан сала өкілдеріне мемлекеттік наградалар мен пәтер кілттерін табыстады.
Кәсіби мерекемен құттықтаған Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан мәдениет және өнер саласының өкілдеріне берілген наградалар олардың қажырлы еңбегіне, кәсіби адалдығына және ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан үлесіне көрсетілген жоғары құрмет екенін атап өтті.
«Мемлекет басшысының қолдауы тек марапатпен ғана шектелмейді. Сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, оның ішінде тұрғын үй мәселесін шешу бағытында да нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы Президент атынан Астана қаласында мәдениет және өнер қызметкерлеріне пәтер сертификаттары табысталды. Биыл бұл игі бастама жалғасып, Алматы қаласында да сала өкілдеріне пәтер кілті табысталмақ. Мұндай қолдау шығармашылық адамдарының еңбегін нақты іспен бағалаудың айқын көрінісі. Сіздерге табысталғалы отырған жаңа пәтерлер – ел игілігі жолындағы адал қызметтеріңізге көрсетілген құрмет пен ризашылықтың белгісі. Бұл шаңырақтар сіздерге құт-береке, шығармашылық шабыт, отбасыларыңызға шаттық әкелсін! Осы орайда барлық мәдениет және өнер қызметкерлерінің атынан Мемлекет басшысына салаға тұрақты көңіл бөліп, шығармашылық қауымға жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін шынайы алғыс білдіремін», – деді Аида Балаева.
Осылайша, Мемлекет басшысының атынан мәдениет және өнер саласының өкілдеріне 60 пәтердің кілті табысталды. Тұрғын үй қолдауына ие болғандардың қатарында жетекші театрлар мен музыкалық ұжымдардың, білім беру ұйымдарының, кітапханалар, архивтер, музейлер, баспа және әдебиет саласының өкілдері, сондай-ақ мәдениет мекемелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп жүрген мамандар бар.
Бес адам тұрғын үй сертификаттарын кеше Мемлекет басшысының өз қолынан алған болатын.
Атап айтқанда, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының әртісі Нұрболат Нұралиев үш бөлмелі пәтерге ие болды. Оның мәдениет саласындағы еңбек өтілі 19 жылдан асады.
Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ музыка мектеп-интернатының оқытушысы Сания Оспанқұловаға да үш бөлмелі пәтер берілді. Ол аталған салада 24 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді.
Республикалық академиялық неміс драма театрының әртісі Игорь Попов екі бөлмелі пәтерге ие болды.
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі Анар Әділоваға үш бөлмелі пәтер табысталды. Актриса мәдениет және өнер саласында 15 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы Арай Асқар да үш бөлмелі пәтер иесі атанды. Оның саладағы еңбек өтілі – 14 жыл.
Ал бүгін Алматыда Аида Балаева Президент атынан тағы 55 мәдениет қайраткеріне пәтер кілтін табыстады. Олардың қатарында Жамбыл атындағы Қазақ ұлттық филармониясының бас дирижері Қанат Омаров бар. Мәдениет саласында 16 жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан өнер иесі екі бөлмелі пәтерге ие болды.
Ділшат Аманбаев – Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының драма әртісі. Саладағы еңбек өтілі 22 жылдан асады. Оған екі бөлмелі пәтер берілді.
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисі Ислам Хамзаев екі бөлмелі пәтерге ие болды.
Наталия Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі Ирина Арнаутоваға екі бөлмелі пәтер табысталды. Оның еңбек өтілі – 33 жыл.
Сондай-ақ Наталия Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі Артем Селезнев те екі бөлмелі пәтер иесі атанды.
Жамбыл атындағы Қазақ ұлттық филармониясының концертмейстері әрі оркестр солисі Абай Қойшыбаевқа екі бөлмелі пәтер берілді. Ол салада 19 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді.
Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрының жоғары санатты әртісі Константин Пак екі бөлмелі пәтерге ие болды.
Жазушы, ақын Жандос Әлімбетовке екі бөлмелі пәтер табысталды.
М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының бірінші санатты әртісі Илья Шилкин екі бөлмелі пәтер иесі атанды.
Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрының бас режиссері Екатерина Пенге бір бөлмелі пәтер берілді.
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының әртісі Шайза Ахметова екі бөлмелі пәтерге ие болды. Оның мәдениет және өнер саласындағы еңбек өтілі 55 жылдан асады.
«Камерата Қазақстан» классикалық музыка ансамблінің әртісі Салауат Кәрібаевқа бір бөлмелі пәтер табысталды.
Қайрат Маденов – Жамбыл атындағы Қазақ ұлттық филармониясының әртісі. Мәдениет саласында 32 жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан өнер иесіне үш бөлмелі пәтер берілді.
Жамбыл атындағы Қазақ ұлттық филармониясының көркемдік жетекшісі Бауыржан Жилкибаев екі бөлмелі пәтерге ие болды. Оның саладағы еңбек өтілі – 15 жыл.
Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқу ісінің меңгерушісі әрі оқытушысы Надежда Гаальға үш бөлмелі пәтер табысталды. Ол осы салада 26 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді.
Пётр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің оқытушысы Лейла Алхожаева үш бөлмелі пәтерге ие болды. Оның өнер саласындағы еңбек өтілі 15 жылдан асады.
Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Шолпан Беркімбаеваға екі бөлмелі пәтер берілді.
«Камерата Қазақстан» классикалық музыка ансамблі директорының орынбасары Баян Байсеитова үш бөлмелі пәтер иесі атанды. Оның еңбек өтілі – 16 жыл.
Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры директорының орынбасары Надирям Омароваға екі бөлмелі пәтер табысталды. Оның саладағы еңбек өтілі – 14 жыл.
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледжінің оқытушысы Альфия Серікқызы екі бөлмелі пәтерге ие болды. Ол осы салада 21 жыл еңбек етіп келеді.
Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аян Соқпаеваға бір бөлмелі пәтер берілді. Оның еңбек өтілі – 14 жыл.
Qalam Media жобасының редакторы, ақын Бекзат Смадияр екі бөлмелі пәтер иесі атанды.
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы аппаратының жетекшісі, ақын Еділбек Дүйсеновке екі бөлмелі пәтер табысталды.
«Білім қазына» қоғамдық қорының тілшісі, ақын Нұрбек Нұржанұлы екі бөлмелі пәтерге ие болды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінің бөлім басшысы Айгерім Төлегеноваға үш бөлмелі пәтер берілді.
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының бухгалтері Жанат Естемісова екі бөлмелі пәтер иесі атанды. Оның еңбек өтілі – 25 жыл.
«Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас бухгалтері Эльмира Абенбаеваға екі бөлмелі пәтер табысталды. Ол осы салада 24 жыл еңбек етіп келеді.
Әсем Ахметжанова – Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі кадр бөлімінің инспекторы. Оған екі бөлмелі пәтер берілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінің қор сақтау бөлімінің маманы Нұрболат Мәлік екі бөлмелі пәтерге ие болды.
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың Брайль қарпі бойынша редакторы Нурия Баймұратоваға үш бөлмелі пәтер табысталды. Оның еңбек өтілі – 20 жыл.
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың кітапханашысы Динара Мұқашева бір бөлмелі пәтер иесі атанды.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің жоғары дәрежелі маманы, мұрағатшы Айғаным Байтуоваға үш бөлмелі пәтер берілді. Ол – төрт баланың анасы, саладағы еңбек өтілі 17 жыл.
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының библиографы Айжан Арыстанбекова екі бөлмелі пәтерге ие болды.
Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің материалдық есеп бухгалтері Айжан Қуанышеваға екі бөлмелі пәтер табысталды.
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көрермендерге қызмет көрсету бөлімі бақылаушысы Арайлым Сүлейменова екі бөлмелі пәтер иесі атанды. Оның еңбек өтілі – 26 жыл.
Steppe World Publishing баспасының редакторы, ақын Асылан Қуанышұлына үш бөлмелі пәтер берілді.
Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Дәулет Канлыбаев екі бөлмелі пәтерге ие болды.
Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің оқытушысы Ақбота Қалдыбайға екі бөлмелі пәтер табысталды.
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының әртісі Сырым Аюпов бір бөлмелі пәтер иесі атанды.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының жетекші маманы Әсет Ерназаровқа екі бөлмелі пәтер берілді. Оның еңбек өтілі – 42 жыл.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің әртісі Ардақ Итекеева үш бөлмелі пәтерге ие болды. Ол салада 24 жыл еңбек етіп келеді.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының маманы Аққайша Баймұратоваға екі бөлмелі пәтер табысталды. Оның жалпы еңбек өтілі 50 жылдан асады.
Гауһар Асылова – Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары архивінің архив қоймасының меңгерушісі. Еңбек өтілі – 12 жыл. Оған екі бөлмелі пәтер берілді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының жоғары дәрежелі кітапханашысы Айжан Ахметова екі бөлмелі пәтерге ие болды. Оның еңбек өтілі – 36 жыл.
Орталық мемлекеттік архивтің бөлім басшысы Дамира Махановаға төрт бөлмелі пәтер табысталды. Ол – алты баланың анасы, саладағы еңбек өтілі – 14 жыл.
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың бас бухгалтері Сәуле Сембаева екі бөлмелі пәтер иесі атанды. Оның еңбек өтілі – 20 жыл.
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының бөлім басшысы Құралай Қошановаға екі бөлмелі пәтер берілді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының кітапханашысы Айжан Дүйсебаева екі бөлмелі пәтерге ие болды. Оның еңбек өтілі – 25 жыл.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің костюм цехының шебері Виктория Пономареваға екі бөлмелі пәтер табысталды. Ол осы салада 28 жыл еңбек етіп келеді.
Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің экскурсоводы Шолпан Нұғманова үш бөлмелі пәтер иесі атанды. Оның еңбек өтілі – 32 жыл.
Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының техникалық қызметкері Сәуле Біләлға екі бөлмелі пәтер берілді.
Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған қазақ музыка мектеп-интернатының бухгалтері Мадина Доржинова үш бөлмелі пәтерге ие болды. Ол – бес баланың анасы, еңбек өтілі 20 жылдан асады.
Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің инспекторы Мадина Орынбасароваға екі бөлмелі пәтер табысталды.
Құрманғазы атындағы Ұлттық халық аспаптар оркестрінің техникалық қызметкері Жаңыл Ергешбаева екі бөлмелі пәтер иесі атанды.
Пётр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің техникалық қызметкері Алтынай Ниятбаеваға екі бөлмелі пәтер берілді.
Осылайша, тұрғын үй қолдауы мәдениет саласының сан түрлі бағытын қамтыды. Олардың қатарында жетекші театрлардың әртістері мен ұлттық ұжымдардың музыканттары, оқытушылар, кітапханашылар, архившілер, музей қызметкерлері, бухгалтерлер, кадр мамандары, техникалық қызметкерлер және мәдениет мекемелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп жүрген өзге де сала өкілдері бар.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мәдениет саласындағы үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін саланың 13 өкілі мемлекеттік наградалармен және құрметті атақтармен марапатталды. Мемлекет басшысының атынан жоғары марапаттар отандық мәдениет пен өнердің дамуына елеулі үлес қосқан театр, музыка, хореография, әдебиет және ғылым саласының қайраткерлеріне табысталды.
«Парасат» орденімен Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі Райхан Қалиолдина, Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің педагог-хореографы Сұлтан Бапов, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Таңатар Нұралы, Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері Тұрсынжан Шапай, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Даража Балапан, актриса, әнші Қаракөз Тілеубекова, «МузАРТ» тобының солисі, композитор Мейрамбек Бесбаев марапатталды.
«Құрмет» орденімен Т.Әбдірашев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің бас дирижері Қанат Омаров, Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған қазақ музыка мектеп-интернатының педагогі Күзембай Бектаев, «Самат шоу техник» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы, продюсер Михаил Романюк марапатталды.
«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы М. Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрының актері Виталий Гришкоға берілді.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Мұрат Әбзелбаев ие болды.
«Қоржын Груп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, республикалық және халықаралық жобалардың ивент-менеджері Ақсұңқар Жарылқасова марапатталды.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанның мәдениет және өнер саласында 60 мыңға жуық адам еңбек етеді. Соңғы жылдары мәдени инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Кейінгі бес жылда елімізде 150-ден астам жаңа мәдениет нысаны ашылды. Биыл тағы 64 нысанның құрылысы жалғасуда.


