Алматыда көпқабатты үйдің балконы өртенді: 12 адам құтқарылды

0
139

2 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылған.


Алматыда көпқабатты үйдің балконы өртенді: 12 адам құтқарылды

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Алматыдағы Ақбұлақ ықшамауданында пәтер өртенді. Куәгерлер өртті видеоға түсіріп алған, деп жазады tengrinews.kz.

Куәгерлер түсірген видеода көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтердің балконы өртеніп жатқаны көрінеді. Кейінірек жалын бесінші қабатқа тараған.

ТЖМ мәліметінше, Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағынауданында орналасқан тұрғын кешендердің бірінде 4-қабаттағы пәтердің балконында өрт шыққан жалын жоғарғы қабаттың балконына ауысқан.

"Тығыз отырғызылған ағаштар мен кіреберіс жолдардың жоқтығына қарамастан өртсөндірушілердің кәсіби командасы өртті автомобиль сатысынан лафет оқпанын беру арқылы сөндірді", - делінген хабарламада.

ТЖД күшімен баспалдақ маршы және құтқару қалпақшасының көмегімен 12 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылған. 1946 жылы туған кейуана жану заттарымен уланып, ауруханаға жатқызылған.