Алматыда ірі ойын-сауық орталығы өртенді

0
648

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.


Алматыда ірі ойын-сауық орталығы өртенді

ERNUR.KZ. Алматыдағы «Достық Плаза» сауда орталығының қоймасынан өрт шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

Өрт бүгін 10 қараша күні таңертең болған.

«Өрт сөндірушілер келген кезде екінші қабаттан түтін қатты шығып жатқан. Газ және түтіннен қорғау қызметі тепловизордың көмегімен барлау жүргізіп, өрттің қайдан шыққанын анықтады. Тауарлар мен материалдар сақталған қойма жанып жатты»,– деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінен.

Өрт 24 минутта оқшауланып, сағат 07:21-де толықтай сөндірілді.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.