Алматыда ең ұзын лағман әзірленіп, Қазақстан рекордтар кітабына енді

0
162

19 келі ұннан дайындалған қамырдан ерекше тағамды небәрі екі сағат ішінде 50-ден астам аспаз бен аудан тұрғындары бірлесе әзірледі.


Алматыда ең ұзын лағман әзірленіп, Қазақстан рекордтар кітабына енді

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматы қаласында ұзындығы 1704 метр болатын лағман дайындалды. Бұл көрсеткіш Қазақстан рекордтар кітабына ресми түрде тіркелді, деп жазады inbusiness.kz.

Шараға түрлі этностардың өкілдері - қазақтар, ұйғырлар, дүнгендер, кәрістер мен өзбектер қатысты.

- Мұндай лағман - ел тарихында алғаш рет. Біз бұл жерде тек ұзындықты емес, бірліктің қуатын да тіркеп отырмыз, - деді Қазақстан рекордтар кітабының өкілі.

Қала әкімдігі бұл лағман жай ғана гастрономиялық рекорд емес, достық пен татулықтың шынайы символына айналғанын атап өтті.

Айта кетейік, іс-шараны Жетісу ауданының тұрғындары мен этномәдени орталықтары ұйымдастырды.