Қылмыстық іс қозғалды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Алматы қаласының Бостандық ауданында қайғылы жағдай болды. Көпқабатты тұрғын үйдің жанынан бойжеткеннің мәйіті табылған. Марқұм оқиға орнында жан тапсырған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.
Адам өліміне қатысты әзірге өзге ақпарат айтылған жоқ.