Алматыда басқарусыз қалған жүк көлігі автокөлікті соғып, дүңгіршекке соқтығысты

0
100

Тұрақта тұрған көлікпен соқтығысқаннан кейін де жүк көлігі тоқтамай, төмен қарай домалап барып, тас қоршауды бұзып, аялдамадағы дүңгіршекке тіреліп бір-ақ тоқтаған.


Алматыда басқарусыз қалған жүк көлігі автокөлікті соғып, дүңгіршекке соқтығысты

фото:Видеодан кадр

ERNUR.KZ. Алматыда 20 тамызда жүргізушісіз қалған жүк көлігі өздігінен қозғалып, тұрақта тұрған автокөлікті соғып, аялдамадағы дүңгіршекке соқтығысты. Алматы қалалық полиция департаменті апаттың мән-жайын айтып берді, деп жазады tengrinews.kz.

Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 09:20 шамасында Әуезов ауданында болған.

"HOWO жүк көлігінің жүргізушісі Шаляпин көшесінде көлік құралының өздігінен қозғалып кетуіне жол бермейтін шараларды қабылдамаған. Салдарынан жүк көлігі жолдың оңтүстік жиегінде тұрған BYD маркалы автокөлікті соқты", - деп хабарлады ведомство.

Тұрақта тұрған көлікпен соқтығысқаннан кейін де жүк көлігі тоқтамай, төмен қарай домалап барып, тас қоршауды бұзып, аялдамадағы дүңгіршекке тіреліп бір-ақ тоқтаған.


"Бақытқа орай, жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ", - деп атап өтті полициядағылар.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.