ERNUR.KZ. 5-6 қазан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид мемлекеттік сапармен келеді, деп жазады Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:
"Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар мемлекеттер басшылары қазақ-оман бизнес форумына қатысады".


