Алматыда автобус жол апатына түсті

0
100

Автобус бағдаршамда тұрған Chevrolet Cobalt көлігіне соғылды.


Алматыда автобус жол апатына түсті

© Sputnik/Ертай Сарбасов

ERNUR.KZ. Алматы қаласында автобус жол апатына түсті, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жол апаты бүгін таңғы 6:00-де Әуезов ауданында болған. Жандосов көшесімен келе жатқан автобус жүргізушісі солға Яссауиге бұрылғанда рөлге ие бола алмай, бағдаршамда тұрған Chevrolet Cobalt көлігіне, одан кейін инерциямен үйдің астындағы сауда орнына соғылған.

"Ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді полицейлер.