Алматыда автобус қаққан адамдардың хәлі қалай - дәрігер жауабы

0
757

Апат салдарынан 7 адам зардап шекті. Жедел медициналық қызмет келгенше үшеуі қайтыс болды.


Алматыда автобус қаққан адамдардың хәлі қалай - дәрігер жауабы

ERNUR.KZ. Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы жұма күні автобус қағып кеткен науқастардың жағдайы туралы айтты, деп жазады inform.kz.

Басқарма таратқан мәліметке сәйкес, 50 жастағы науқас 24 желтоқсан күні жансақтау бөлімінен көпжарақат бөлімшесіне ауыстырылды.

«Жағдайы ауыр деп бағаланады, дегенмен оң динамика байқалады, шок жағдайы жеңілдетілді. Науқастың көптеген сынығы бар» деп хабарлады ведомстводан.

Ал, автобус жүргізушісі 36 жастағы әйел ми жарақаты, беттің жұмсақ тіндерінің көгеруі диагнозымен нейрохирургия бөлімшесінде емделіп жатыр. Жағдайы тұрақты. Консервативті ем алуда.

«55 жастағы ер адамға ми жарақаты, мидың жеңіл шайқалуы диагнозы қойылды. Нейрохирургия бөлімшесінде жатыр. Онда желке аймағының жұмсақ тіндерінің, бастың жұмсақ тіндерінің көгерген жарасы және мойынның байлам аппаратының созылуына ем жүргізіліп жатыр. Жағдайы тұрақты. Барлық науқасқа қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі» деп атап өтті денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске салайық, Алматыда автобус бір топ адамды қаққан еді. Полицияның мәліметінше, №47-ші бағыттағы қоғамдық көліктің ішіндегі жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған. Салдарынан ол есінен танып, көлікті басқара алмай қалған.

Апат салдарынан 7 адам зардап шекті. Жедел медициналық қызмет келгенше үшеуі қайтыс болды.