Алматыда 16 жасар жасөспірім қоқыс төгуге шығып жоғалып кетті

0
95

Жасөспірімнің хабарсыз кеткеніне 1 апта болған.


Алматыда 16 жасар жасөспірім қоқыс төгуге шығып жоғалып кетті

Фото: instagram/volontery_almaty_lider.kz

ERNUR.KZ. Алматы қаласының тұрғыны Аида Мұсаева 16 жастағы Айдос есімді оқушысының із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Мұғалімнің айтуынша, Айдос Мамыр-3 ықшамауданында шамамен 10:54-те үйден қоқыс төгуге шыққан. Бірақ, қоқыс жәшігіне жетпеген. Соңғы дерек бейнебақылау камерасы оны автотұрақ маңынан түсіріп алған.

Аида Мұсаеваның айтуынша, ешкіммен жанжалдаспаған, ескертусіз кетіп қалатын бала емес.

"Айдос – менің ұстазымның баласы, әріптесімнің ұлы әрі менің оқушым. Ол Қызылордадан келген, Алматыда ем қабылдап жүрген. 29 шілде күні полицияға ресми түрде арыз жазылды. @lider.kz еріктілері Айдостың жоғалғанын растады. Бұл оқиға қашып кетуге ұқсамайды. Ата-анасының ешқандай қарызы, отбасылық қиындықтары да жоқ. Құрметті, ағайын, егер Айдос туралы қандай да бір ақпаратыңыз болса, дереу хабарласыңыз", – деп жазды Аида Мұсаева.