Алматы облысының жаңа әкімі болып Шыңғыс Сайранұлы Әрінов тағайындалды

0
131

Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылған болатын.


Алматы облысының жаңа әкімі болып Шыңғыс Сайранұлы Әрінов тағайындалды

фото: үкімет

ERNUR.KZ. Алматы облысының жаңа әкімі Шыңғыс Әрінов болды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды", деп жазылған Ақорда хабарламасында.


Шыңғыс Сайранұлы Әрінов 1983 жылы 29 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Ол 42 жаста. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін бітірген.

Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында құқықтану мамандығын және Азаматтық авиация академиясында көлік қозғалысын ұйымдастыру және пайдалану мамандығын оқыған.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрларында түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

Президенттің күзет қызметінің бастығы болды.

2024 жылдың маусым айында Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалды.

Марапаттары

«Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» ІІ, ІІІ дәрежелі, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдарымен марапатталған.