Алматы облысында тауда жоғалған отбасы 1 тәуліктен соң табылды

0
125

2 баласымен жолға шыққан отбасы Ассы үстіртінде табылды.


Алматы облысында тауда жоғалған отбасы 1 тәуліктен соң табылды

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Олар Шонжы ауылына жақын демалыс аймағынан Алматыға қарай көлікпен шыққан, алайда жолда байланысқа шықпай қойған. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында тауда жоғалған отбасын іздеу операциясы аяқталды, деп жазады inbusiness.kz.

Түні бойы Алматы облысының құтқарушылары мен "Барыс" жасағы үйіне оралмаған отбасын іздеді.

Іздеу жұмыстары күрделі жағдайда өтті. Отағасының ұялы телефоны өшірулі болған, ал таулы аймақта қар қалың түскен.

Телефон биллингі арқылы бағытты анықтап, Бартоғай су қоймасы маңын тексеру барысында құтқарушылар 24 наурыз күні таңғы сағат 5-те Ассы үстірті ауданынан жоғалғандарды тапты. Олардың жол талғамайтын көлігі қарға батып, қозғала алмай қалған.

Құтқарушылар ересектер мен балаларға медициналық көмек қажет емес екеніне көз жеткізгеннен кейін көлікті тазартылған жол бөлігіне дейін сүйреп шығарды.

ТЖМ өкілдері таулы аймақтарға сапар жоспарлағанда ауа райы мен жол жағдайын ескеруді ескертеді. Маршруттың қауіпсіздігіне көз жеткізбей жолға шықпау қажет