Алматы облысында тау шыңындағы мәйіт тікұшақпен түсірілетін болды

0
111

Алматы облысындағы Северцов мұздығы маңынан туристер тобы адам мәйітін тапқан болатын.


Алматы облысында тау шыңындағы мәйіт тікұшақпен түсірілетін болды

Фото: ТЖМ

ERNUR.KZ. ТЖД «ҚазӘуеҚұтқару» мекемесіне қарасты тікұшақ Апаттар медицинасы орталығының мамандарымен және «Барыс» республикалық шұғыл құтқару жасағының құтқарушыларымен бірге теңіз деңгейінен 4 300 метрге жуық биіктікте орналасқан Северцов мұздығынан мәйітті төмен түсіру үшін ұшып шыққанын мәлімдеді, деп жазады inform.kz.

— Мәйіт төменге түсірілгеннен кейін Алматы облысының Полиция департаментінің қызметкерлеріне тапсырылады. Бұл жұмыстарды орындауға орналасқан жердің биіктігі, аумақтың қатынауға қиындығы, таулы жердің күрделілігі, тік беткейлер мен ауа райы жағдайлары кері әсерін тигізіп, қиындатып отыр, — деп түсіндірді департаменттен.

Еске салайық, әлеуметтік желі қолданушысының айтуынша, 16 тамызда Беларусь Республикасынан келген туристер тауда адам қалдықтарын анықтаған. Бұл жайлы құтқару қызметіне ақпарат берілсе де, адам мәйітін эвакуациялау мәселесі шешілмей келген.