Алматы облысында каннабис егілген ірі плантация анықталды

0
171


Алматы облысында каннабис егілген ірі плантация анықталды

Фото: istock.com

ERNUR.KZ. Алматы облысының прокуратурасы каннабис егілген ірі плантацияның анықталғанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Прокуратура мәліметінше 6 гектар плантация Райымбек ауданы Қызылшекара ауылында табылған.

“Бұл шара есірткі құралдарының таралуына тосқауыл қою және қылмыстардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ауыл-аймақтарда халыққа құқықтық түсіндіру жұмыстарын насихаттау үшін арнайы баннерлер ілінді”, – делінген хабарламада.

Бұл бастамалар аудан тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға және есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған.