Алматы облысында Қайыңды көліне апаратын тас жол салынып жатыр

0
290

Қазір туристер Қайыңды көліне тек жол талғамайтын көлікпен жетіп, кейін жаяу жүреді.


Алматы облысында Қайыңды көліне апаратын тас жол салынып жатыр

ERNUR.KZ. Алматы облысында өңірдегі туристер ең көп баратын Қайыңды көліне апаратын жолдың құрылысы басталды, деп жазады stan.kz.

Қазір туристер Қайыңды көліне тек жол талғамайтын көлікпен жетіп, кейін жаяу жүреді. Былтыр бұл жерге 200 мыңнан астам демалушы келген.

“Жоба көліктің қолжетімдігін жақсартып, туристер үшін көлге баруды әлдеқайда ыңғайлы етеді”, – деп мәлімдеді әкімдік.

Мердігер ұйым өкілі Ілияс Жанұзақовтың айтуынша, қазір олар республикалық трассадан Қайыңды көліне дейінгі жолды салып жатыр. Бұл шамамен 10 шақырым.

“Асфальт төсеуді жазда, шамамен маусым айында жоспарлап отырмыз. Егер бәрі жоспар бойынша жүрсе, қыркүйекке қарай жұмыстарды аяқтаймыз. Қазір топырақпен жұмыс істеп жатырмыз, жер бедерін тегістеп, көтерілу мен түсу бөліктерін бірқалыпты әрі ыңғайлы ету үшін реттеп жатырмыз", – деді ол.