Алматы мен Измир арасында тікелей әуе рейсі іске қосылады

0
165

Рейсті Түркияның SunExpress әуе компаниясы орындайды.


Алматы мен Измир арасында тікелей әуе рейсі іске қосылады

фото: Министерство транспорта Казахстана

ERNUR.KZ. Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Түркияның SunExpress әуе компаниясы кіреді, деп жазады sputnik.kz.
31 шілдеден бастап әуе компаниясы Алматы – Измир бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейсін орындайды. Рейс аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері Boeing 737 типті әуе кемелерімен жүзеге асырылады.
Министрліктің мәліметінше, Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени байланыстардың одан әрі дамуына ықпал етеді.