Алматы мен Астанада жүргізушісіз такси жобасы іске қосылады

0
224

Бұл туралы ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.


Алматы мен Астанада жүргізушісіз такси жобасы іске қосылады

Фото: waymo

ERNUR.KZ. Елімізде жүргізушісіз көліктерді сынақтан өткізу басталады, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомство мәліметінше, қалалық мобильдік пен логистика саласында бірқатар инновациялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысының аумағында пилоттық режимде жүргізушісіз такси жобаларын іске қосу көзделген.

Ұзақ мерзімді перспективада бұл бағыт цифрлық экономиканың жаңа сегментін қалыптастырып, бюджетке қосымша түсімдер әкелуге мүмкіндік береді.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, жобалар заманауи технологияларды енгізу арқылы көлік саласының тиімділігін арттыруға және цифрлық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.