Алматы халықаралық әуежайы жоғалған жүктерді сату туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

0
102

Желіде әуежайдағы жоғалған жүктердің арзан бағада сатылатындығы туралы ақпарат тараған болатын.


Алматы халықаралық әуежайы жоғалған жүктерді сату туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

ERNUR.KZ. 2025 жылғы 8 маусымда Алматы халықаралық әуежайы жоғалған және талап етілмеген жүктің сатылымы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады zakon.kz.

Белгілі болғандай, желіде әуежайдағы жоғалған жүктердің арзан бағада сатылатындығы туралы ақпарат тараған болатын.

"Әлеуметтік желілерде таралып жатқан жоғалған чемодандардың сатылымы туралы ақпаратқа байланысты Алматы халықаралық әуежайы бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Алматы әуежайы мұндай акциялар мен аукциондар өткізбейді. Абай болыңыздар, алаяқтардан сақтаныңыздар!" – делінген ақпаратта.