Бүгінгі күні Алматы қаласымен Қытайдың Бейжің, Шанхай, Гуанчжоу, Сиань, Үрімжі, Құлжа, Ханчжоу және Санья қалаларымен тікелей әуе қатынасы бар.
ERNUR.KZ. Алматы халықаралық әуежайында Air China әуе компаниясының Бейжің — Алматы — Бейжің бағыты бойынша тікелей рейсінің тұсаукесері өтті, деп жазады inform.kz.
Алматы әуежайының мәліметінше, Бейжің — Алматы — Бейжің бағытындағы рейстер апта сайын дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері Boeing 737 ұшағымен орындалады. Ұшу уақыты — 4 сағат 50 минут.
— Біз Алматы халықаралық әуежайында жаңа әуе тасымалдаушы — Air China компаниясын қуана қарсы аламыз. Бейжің — Алматы — Бейжің бағыты бойынша тікелей тұрақты әуе рейсінің ашылуы — Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынастарын нығайтудың маңызды қадам, — деді Алматы халықаралық әуежайының вице-президенті Онур Шатыр.
Бүгінгі күні Алматы қаласымен Қытайдың Бейжің, Шанхай, Гуанчжоу, Сиань, Үрімжі, Құлжа, Ханчжоу және Санья қалаларымен тікелей әуе қатынасы бар.
— 2025 жылдың басынан бері Алматы мен Қытай арасындағы жолаушылар ағыны 230 000 адамнан асты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62 %-ға көп, — деп хабарлады Алматы әуежайынан.