Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. Алматының Бостандық ауданындағы Алма-Арасан шатқалында 2 мамыр күні жартас құлады. Ол кезде зардап шеккендер жоқ деп хабарланған еді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
7 мамырда белгілі болғандай, үстіне тас құлап, қыз көз жұмды.
Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.