Құжат 24 шілдеге дейін қазақстандықтар арасында ашық талқыланады.
Фото: Stan.kz
ERNUR.KZ. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микрокредит беру шартына және банк несиесі шартына өзгерістер енгізбек, деп жазады stan.kz.
“Ашық НҚА” порталында еліміздің Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің әлеуметтік осал топтар мен төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтарға кредит төлеу мерзімін кейінге шегеру туралы жобасы жарияланды.
Құжатта мына мәселелер қарастырылған:
- Әлеуметтік осал топтар мен төтенше жағдайдан зардап шеккендер үшін кредит төлеуді кейінге шегеру мүмкіндігін енгізу;
- Қарыз алушының табысы азайған жағдайда, растайтын құжаттар болса, кемінде үш айға комиссиясыз кейінге шегеруді ұсыну міндетін белгілеу;
- Борышты өтей алмайтын өмірлік жағдайлардың сипатына қарай қарыз алушыдан құжаттар сұрату тәртібін нақтылау және мұндай құжаттардың тізімін қосымша түрінде енгізу.
Жоба проблемалық берешек мәселелерін реттеу тетіктерінің тиімділігін арттыруға, соның ішінде әлеуметтік осал топтар үшін, сондай-ақ банктер мен микроқаржы ұйымдарының борышкердің банк қарызы немесе микрокредит шарттарын өзгерту туралы өтініштерін қарау кезінде әрекеттердің ашықтығы мен бірізділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Құжат 24 шілдеге дейін қазақстандықтар арасында ашық талқыланады.