​Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының комиссиялық сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

0
108

Бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және биыл 1 қаңтардан бастап құқықтық қатынастарға қолданылады.


​Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының комиссиялық сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

Фото: freepik

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 17 ақпандағы бұйрығымен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» 2026 жылға арналған комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесі бекітілді, деп жазады inform.kz.

– Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген шекті мөлшер аясында Қордың қызметін жүзеге асыруға арналған комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесі есепті айда Қордың шотына түскен активтердің 1,09 пайызы көлемінде белгіленсін, – делінген бұйрық мәтінінде.

Бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және биыл 1 қаңтардан бастап құқықтық қатынастарға қолданылады.
Еске сала кетейік, биылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасы артады. Сондай-ақ бүгінде тегін көрсетіліп жүрген бірқатар медициналық қызмет МӘМС жүйесіне өтеді. Әлеуметтік осал топтар үшін жарна енді жергілікті бюджет есебінен төленбек.