Әлемге танымал әнші Энрике Иглесиас Қазақстанда концерт береді

0
209

Ticketon билет сату сервисі әйгілі әнші Энрике Иглесиастың Қазақстандағы концертін жариялады.


Әлемге танымал әнші Энрике Иглесиас Қазақстанда концерт береді

Фото: instagram.com/enriqueiglesias

ERNUR.KZ. Әлемге танымал әнші Энрике Иглесиас Қазақстанда концерт береді, деп жазады stan.kz.

Ticketon билет сату сервисі әйгілі әнші Энрике Иглесиастың Қазақстандағы концертін жариялады.

“Әлемдік ырғақ жақындап келеді. Қазақстан”, – делінген видео сипаттамасында. Алайда концерттің нақты өтетін күні мен орны әзірге белгісіз.

Энрике Иглесиас – испан әншісі, ән авторы, продюсер және актер. Ол 1975 жылғы 8 мамырда Мадридте дүниеге келген. Оның әкесі – танымал испан әншісі Хулио Иглесиас.

Иглесиас ең үлкен жетістікке 2000 жылдардың басында жетті. Оның Bailamos және Be With You синглдері АҚШ-тың Billboard Hot 100 хит-парадының көшін бастады. Сондай-ақ ол басқа әртістермен бірге “Супербоул” сахнасында да өнер көрсеткен. Еуропада Hero балладасы кең танымалдыққа ие болды.

2020 жылы Billboard Энрике Иглесиасты барлық уақыттағы ең ұлы латынамерикалық орындаушы деп атады. Ол ресейлік теннисші Анна Курниковамен қарым-қатынаста. Екеуі 2001 жылы Escape әніне түсірілген бейнебаян алаңында танысқан.