Өрт сөндірушілер 70 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде ЖШС аумағында жүк көліктері мен автокөлік дөңгелектері өртенді, деп жазады baq.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдеді.
Ақтөбе қаласындағы Курсантское тас жолы бойындағы ЖШС аумағында екі жүк көлігі мен автокөлік шиналарының жануы тіркелді. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер 70 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Белгілі болғандай, зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - деді ТЖМ өкілдері.