Ақтөбе қаласындағы орталық мешіт ішінде келушіге тиіскен ер адамды полиция бөлімшеге жеткізді.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
ERNUR.KZ. Оқиға 25 шілде күні Ақтөбе қаласындағы "Нұр Ғасыр" мешітінде болды, деп жазады inbusiness.kz.
Шығаберіс есік алдында ер адам келуші қыздың жолын бөгеп, әдепсіз астары бар сөздер айтқан. Аталған оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады.
– Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Ер адамның кім екені анықталды. Мән-жайды анықтау үшін ол ішкі істер органдарына жеткізілді. Құқықбұзушыға түсіндіру жұмысы жүргізілді. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 449-бабы 2-бөлігіне (Қоғамдық орында тиісу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберіледі, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.