Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртенді: видео

0
74

Зардап шеккендер жоқ.


Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртенді: видео

ERNUR.KZ. Ақтөбеде автогаз құю станциясында көлік өртенді, деп жазады tengrinews.kz.

Алматы ауданындағы Жібек жолы тұрғын алабында автокөлік өртенген. Өрт автогаз құю станциясының газ колонкасына да тараған.

"Өрттің таралуы және жарылыс қаупі жоғары объектіге ТЖД, Жедел-құтқару жасағы мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жоғары дәржелі шақырту бойынша жедел түрде жұмылдырылды. Өрттің одан әрі таралуына жол берілмей, сөндірілді", - деді Ақтөбе облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары Айбат Жанабергенов.

Зардап шеккендер жоқ