Ақтөбеде әйелді кепілге алу оқиғасы: жантүршігерлік оқиғаның мән-жайы айтылды

0
295

Қаңтардың ортасында Ақтөбе тұрғындарын қанды қылмыс дүр сілкіндірді.


Ақтөбеде әйелді кепілге алу оқиғасы: жантүршігерлік оқиғаның мән-жайы айтылды

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Ақтөбеда қызғаныш негізінде жасалған қанды қылмыс бойынша сот процесі басталды. Айыпталушылар орнында 41 жастағы ер адам отыр. Ол екі адамды өлтіріп, бір адамды кепілге алғаны үшін айыпталған, деп жазады tengrinews.kz.

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың 13 қаңтарында айыпталушы бұрынғы сүйіктісінің ата-анасының үйіне заңсыз кіріп, анасы мен өгей әкесін қатыгездікпен өлтірген. Ал бұрын өзі бірге тұрған әйелді кепілге алған. Бастапқы тыңдалымда сұмдық қылмыстың егжей-тегжейі жария етілді. Айыпталушы өзін камераға түсіруге тыйым салды.

"2024 жылғы шілдеде жәбірленуші әлеуметтік желі арқылы айыпталушымен танысқан. Қысқа уақыт бірге тұрғаннан кейін, 2024 жылғы қарашада айыпталушы неке құру туралы ұсыныс жасаған. Бұл ұсынысын қыздың анасына да айтқан. Алайда анасы бұл олардың ортақ шешімі болуы керек екенін жеткізген. Бірақ сүйіктісінен жауап болмаған соң, айыпталушыда қызғаныштан қылмыстық ой пайда болған", – деді Ақтөбе облыстық прокуратураның аға прокуроры Эльдар Әбиев айыптау актісін оқып.

2024 жылдың 13 қаңтарында айыпталушы бұрынғы сүйіктісінің ата-анасының үйіне барған. Қолында пышақ, бұрауыш және скотч салынған сөмкесі болған. Үйге терезе арқылы кірген. Содан кейін сұмдық жағдай басталған.

"Айыпталушы әйелдің анасының жазғы асүйге кіргенін көріп, артынан барған. Әйел қорқып, айқайлай бастағанда, оған пышақпен соққы жасаған. Барлығы 20-ға жуық жарақат, оның ішінде өмірлік маңызды ағзалар да зақымданған. Зейнеткер есінен танып қалған, айыпталушы оны жертөлеге түсірген. Шамамен сағат 15:30 кезінде қызы жазғы асүйге кірген. Айыпталушы оның қол-аяғын байлап, аузын жапқан. Басынан ұрған. Төрттер шамасында өгей әкесі асүйге кірген. Не болып жатқанын көріп, шок жағдайында орындыққа отырған. Айыпталушы оған балта ала жүгіріп, ұра бастаған. Сосын оны да жертөлеге тастаған", – делінген айыптау актісінде.Осы күні әйелдің 16 жастағы баласы екі туысымен бірге үйге келген. Ол жазғы асүйге бас сұғып, қорыққанан қашып шыққан.
"Біз әпкеміздің үйіне бірге барғанбыз. Оның немересі жазғы асүйге кіріп, пышақ ұстаған Б.-ны көріп: "Сен кімсің?" – деп айқайлап, далаға жүгіріп шықты. Біз бәріміз қашып үлгердік. Кейін полиция шақырдық", – деді марқұм зейнеткердің туған сіңлісі Дина Шаймағамбетова.

Жертөледегі зейнеткерлер аман қалмаған. 66 жастағы әйел жедел жәрдемде көз жұмған. Оның жұбайы үйге шабуыл жасалған кезде қайтыс болған. Бүгінгі сот тыңдалымына марқұмның алғашқы некеден туған қыздары қатысты.

"Біз айыпталушыға өлім жазасын талап етеміз. Ата-анамызға осындай қатыгездік жасағаны үшін. Қарт, қорғансыз, әлсіз адамдар. Сол күні олар қандай жағдайда болғаны бізге белгісіз", – деді марқұмның қызы Анар Тажмұханова.
"Біз айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұраймыз. Мұндай адамдар өмір сүруге лайық емес. Әкеміз өте жақсы адам болған. Біз төртеуміз – бәрімізге жақсы тәрбие берді. Қандыағашта полицияда қызмет етті. Зейнетке шыққан. Сәуірде 75 жасқа толар еді. Біз сол күнге дайындалып жүргенбіз. Бірақ оны жоғалтып алдық. Ол екінші жарымен 8 жыл бірге өмір сүрді. Кепілге алынған әйел – оның қызы. Оның кәмелетке толмаған ұлы бар", – деді Элеонора Алиева.

Айыпталушыға үш бап бойынша айып тағылған: аса қатыгездікпен екі адамды өлтіру және кепілге алу (ҚК 99-бабы), қару және күш қолдану арқылы заңсыз бостандығынан айыру (ҚК 126-бабы), орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтіру (ҚК 107-бабы). Оған қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау құқығы түсіндірілді, бірақ ол одан бас тартты.

Кепілге алынған әйел іс бойынша куәгер және жәбірленуші ретінде танылған. Ол пікір беруден бас тартты. Сот отырысына медициналық бетперде киіп келді.

Еске салайық, қаңтардың ортасында Ақтөбе тұрғындарын қанды қылмыс дүр сілкіндірді. 40 жастағы әйелді анасы және өгей әкесімен бірге тұрып жатқан үйде танысы кепілге алған.