Қазақстанда онлайн-кинотеатрларға жаңа талап қойылмақ

0
107

Қазақстанда онлайн-кинотеатрлар мен аудиовизуалды платформалардың қызметін заңнамалық тұрғыдан реттеу ұсынылып отыр.


Қазақстанда онлайн-кинотеатрларға жаңа талап қойылмақ

ERNUR.KZ. Атап айтқанда, онлайн-кинотеатрлар елімізде заңды өкілін айқындауға міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Құрылтай отырысында мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Бүгінде телевизиялық және өзге де аудиовизуалды контент дәстүрлі телерадио хабарларын тарату арқылы ғана емес, онлайн-кинотеатрлар сияқты түрлі платформалар арқылы да таралады, - деді Арман Қырықбаев отырыста.

Алайда қолданыстағы заңнама негізінен теле- және радиоарналарды таратудың дәстүрлі тәсілдерін реттейді. Осыған байланысты министрлік аудиовизуалды платформалар мен онлайн-кинотеатрлардың қызметін заңнамалық тұрғыдан реттеуді ұсынып отыр.

Атап айтқанда, аудиовизуалды платформалар арқылы теле- және радиоарналарды тарату лицензия негізінде жүзеге асырылмақ.

Ал онлайн-кинотеатрлар Қазақстан Республикасының аумағында заңды өкілін айқындауға міндетті болады.

Бұл нормалар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қарастырылған. Құжат Құрылтайда бірінші оқылымда қаралып жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін министр Қазақстанда әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында балағат сөз қолданғаны, сондай-ақ онлайн-платформаларда жала жапқаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу ұсынылып отырғанын мәлімдеді.