Ақтөбеде екі пәтерден есірткі притоны анықталды

0
131

12 нашақор мәжбүрлі емге жіберілді.


Ақтөбеде екі пәтерден есірткі притоны анықталды

Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Ақтөбеде маскүнемдер мен нашақорлар ұясы анықталып, пәтер иелеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Онда жүрген 12 адам мәжбүрлі түрде емделеді, деп жазады sputnik.kz.
Ақтөбе қаласының учаскелік инспекторлары үйлерді аралау кезінде маскүнемдер мен нашақорлар жиналатын притондардыанықтады.
"Екі пәтер иесі баспанасын нашақорлар жиналатын орынға айналдырған. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Притондарда жиналып, есірткі затын қолданған 12 нашақор емдеу мекемесіне мәжбүрлі түрде жіберілді. Ал 139 адам ішкі істер органдарының есебіне алынды", — делінген облыстық ПД хабарламасында.
"Учаске"жедел алдын алу шарасы барысында пәтер ішінде немесе үй жайларда (қоғамдық орынға жатпайтын) есірткі затын қолданған 224 адам әкімшілік жазаға тартылды.