Қайғылы оқиға демалыс орындарының бірінде болған.
Фото: gov.kz
ERNUR.KZ. Баланың денесін сүңгуірлер 2 метр тереңдіктен алып шықты, деп жазады inbusiness.kz.
Ақтөбе қаласындағы Елек өзені бойында орналасқан демалыс орындарының бірінде қайғылы жағдай тіркелді. Кеше сағат 19:10-да 112 қызметіне қоңырау шалып, көмек сұрағандар 4 жасар баланың суға батып кеткенін хабарлаған.
— Жедел құтқару жасағының сүңгуірлер тобы баланың денесін сағат 19:40-та алып шықты. Бала жағадан 5 метр қашықтықтан, 2 метр тереңдіктен табылды, — деді Ақтөбе қаласының ТЖБ қызметкері Амангелді Бекзат.
Былтыр Ақтөбеде 13 адам суға батып кетті. Оның 9-ы кәмелет жасқа толмағандар.