Ақтауда жеңіл көлік жүргізген әйел теміржол өткелінде тепловозбен соқтығысты

0
172

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК-нің 610-бабы — "Жол жүрісі ережелерін бұзу, адамның денсаулығына немесе мүліктің зақымдануына әкеп соққан жағдай" бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді.


Ақтауда жеңіл көлік жүргізген әйел теміржол өткелінде тепловозбен соқтығысты

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Ақтауда жеңіл автомобиль мен тепловоз қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды, деп жазады zakon.kz.

Lada.kz басылымының жазуынша, апат 2 қаңтар күні сағат 09:00 шамасында "Гелиос" жанармай бекеті маңындағы теміржол өткелінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet маркалы автокөлікті басқарған әйел жақындап келе жатқан тепловозды байқамай, соқтығысып қалды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК-нің 610-бабы — "Жол жүрісі ережелерін бұзу, адамның денсаулығына немесе мүліктің зақымдануына әкеп соққан жағдай" бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының мәліметінше, зардап шегушіге білектің сынуы диагнозы қойылған. Оның жағдайы орташа ауырлықта деп бағалануда.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы орталығында да ірі жол-көлік оқиғасы болған еді.