Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан баланы көлік қағып кетті

0
256

Оқиға 5 наурыз күні кешкі сағат 18:00 шамасында болған.


Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан баланы көлік қағып кетті

Фото: Lada.kz

ERNUR.KZ. Ақтау қаласында жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан баланы көлік қағып кетті. Оқиға маңынан өтіп бара жатқан адамдар алғаш болып көмек көрсетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға 5 наурыз күні кешкі сағат 18:00 шамасында қаланың 7 және 9-шағынаудандарының арасында болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шамамен он жастағы бала жаяу жүргіншілер өткелімен жолдан өтіп бара жатқан кезде көлік қағып кеткен.

Куәгерлер бірден балаға жүгіріп барып, оның жағдайын тексеріп, жедел қызметтерді шақырған.