Полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтады.
     ERNUR.KZ.  Ер адамның денесі 15 қарашада Ақтаудың 7-ші шағын ауданындағы пәтердің бірінен табылды. Бұл туралы "102" пультіне хабарланды, деп жазады inbusiness.kz.
"Шақырту орнына жедел-тергеу тобы шықты. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Бұл дерек Ақтау қаласының полиция басқармасында тіркелді", - делінген Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
