АҚШ-та Қазақстан азаматы Әсет Құралбай із-түссіз жоғалып кетті

0
76

ҚР Сыртқы істер министрлігі Чикаго қаласында жерлесіміз Әсет Құралбайдың жоғалғаны туралы ақпаратты растап, істі бақылауға алғанын хабарлады.


АҚШ-та Қазақстан азаматы Әсет Құралбай із-түссіз жоғалып кетті

Фото: threads.com/@bostonglobe

ERNUR.KZ. Иллинойс штатында тұратын 24 жастағы Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың із-түзсіз жоғалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Ол Чикаго маңындағы Форд-Хайтс ауданында тұрған. Қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен байланыс орнатып, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"Нью-Йорктегі Бас консулдығымыз азаматтың туыстарымен де тұрақты байланыста. Жағдай ҚР Сыртқы істер министрлігінің бақылауында", – деп хабарлады ҚР СІМ.

Туыстарының айтуынша, Әсет Құралбай соңғы рет 2 маусым күні байланысқа шыққан. Ал 7 маусымнан бері оның телефоны қолжетімсіз болып қалған. Жақындарының сөзінше, оның жеке құжаттары мен банк карталары үйінде қалған.

Іздеу жұмыстары барысында 10 маусым күні полиция жігіттің жеке көлігін – Toyota Camry автокөлігін тауып алған. Алайда Әсеттің өзі әлі күнге дейін табылмай отыр.