Ақмолада жанармай стансасында операторды тоқ соғып, қаза тапты

0
88

Қазір аталған жағдай бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды.


Ақмолада жанармай стансасында операторды тоқ соғып, қаза тапты

ERNUR.KZ. Ақмола облысында жанармай құю стансасында қайғылы оқиға болды. Оператор жұмыс кезінде тоқ соғып, көз жұмды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, сараптамалар тағайындалды. Тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертілді, деп жазады baq.kz.

Ақмола облысының полиция департаменті болған қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

13 қазан күні сағат шамамен 09:45-те Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жанармай құю бекеттерінің бірінде болған қайғылы оқиға туралы хабар түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, автоцистерна тіркемесінің үстіне көтерілген оператор электр жеткізу желісіне тиген сәтте тоқ соғып, оқиға орнында қаза тапқан, – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Қазір аталған жағдай бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Облыстық полиция департаменті тұрғындарды кез келген жұмысты, әсіресе электр энергиясы көздерінің маңында орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.