Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды басып кетті

0
195

Қайғылы оқиға Шортанды және Дамса ауылдарының арасындағы теміржол учаскесінде болған.


Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды басып кетті

фото: Пресс-служба КТЖ

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Шортанды ауданында жүк пойызы теміржол бойында ер адамды қағып кетті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.
Қайғылы оқиға бейсенбі күні күндіз Шортанды және Дамса ауылдарының арасындағы теміржол учаскесінде болған.
Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, 19 қарашада Астана станциясындағы көліктегі полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
"Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді", - деп жазылған хабарламада.
Осыған байланысты Көліктегі полиция департаменті азаматтарды теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Атап айтқанда:
теміржолды тек белгіленген жерден кесіп өту керек;
теміржолға жақындағанда құлаққап пен бас киімнің капюшонын шешіп, пойыз сигналдарын естуге мүмкіндік жасау қажет;
пойыз өтіп бара жатқанда перронның шетінде тұрмау керек;
вагондардың үстіне шығуға болмайды, себебі жоғары кернеулі электр тогы адам өміріне қауіп төндіреді.