Ақмола облысында жоғалып кеткен ер адам табылды

0
155

Жолдың жоқтығынан оған қалың қарды кешіп жүруге тура келген.


Ақмола облысында жоғалып кеткен ер адам табылды

фото: Sputnik / Анатолий Устиненко

ERNUR.KZ. Ақмола облысында жоғалып кеткен 35 жастағы ер адам табылды, деп жазады sputnik.kz.
Ол кеше Целиноград ауданы Жаңажол ауылынан 6 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығына жаяу шығып кеткен. Жолдың жоқтығынан оған қалың қарды кешіп жүруге тура келген.
"Іздестіру шаралары барысында құтқарушылар мен медицина мамандары оны тауып алды. Ер адамның аяқтарын үсік шалу белгілері анықталды", - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ қызметкерлері зардап шегушіні жол талғамайтын техникамен жақын маңдағы елді мекенге жеткізіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы тұрақты. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне жіберілді.