Ақмола облысында су тасқыны кезінде 200 пәтер салуға бөлінген ақшаны жымқырғандар сотталды

0
66

2021 жылы үкімет резервінен Атбасар ауданында үй салуға 300 млн теңге бөлінген болатын.


Ақмола облысында су тасқыны кезінде 200 пәтер салуға бөлінген ақшаны жымқырғандар сотталды

фото: МЧС Казахстана

ERNUR.KZ. Ақмола облысында су тасқынына қарсы шараларға бөлінген қаражатты қолды қылғандар сотталды, деп жазады sputnik.kz.
300млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, "Престиж Строй 7" және "Фундаменталь" серіктестіктерінің басшыларына қатысты сот үкімі шықты.
Естеріңізге сала кетейік, бұл қаражат 2021 жылы үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 жанұяны көшіру үшін екі 100 пәтерлі үй салуға бөлінген болатын.
Іс Ақмола облысының арнайы прокурорларымен тергелді.
"Сот үкімімен жымқыруға қатысқан тұлғалар аса ірі көлемде жымқыру және қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру фактілері бойынша 8 жыл 6 айға және 7 жыл 6 айға бас бостандықтарынан айырылды. Мүліктері тәркіленді", - делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.