Ақмола облысында қыстың ортасында борсық аңын інімен бірге қазып алған жұмысшылар істі болды (ВИДЕО)

0
72

​Оқиға Екатеринбург – Алматы автожолының бір бөлігінде жер қазу жұмысы кезінде болған.


Ақмола облысында қыстың ортасында борсық аңын інімен бірге қазып алған жұмысшылар істі болды (ВИДЕО)

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Ақмола облысында жануарларға қатыгездік көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұған әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба себеп болған. Видеода жұмысшылар борсық аңын інімен бірге қазып алып тастаған сәті бейнеленген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысы бар барлық адам анықталған. Олар – жол-құрылыс жұмыстарына тартылған мердігер ұйымның төрт қызметкері. Оқиға 2025 жылдың қараша айында Екатеринбург – Алматы автожолының бір бөлігінде жер қазу жұмысы кезінде болған.

«Жануарларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Мердігер ұйымның төрт қызметкері толық анықталды. Олардың әрекетіне тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі. Тергеу шаралары жалғасып жатыр», – деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаменті.