Ақмола облысында КамАЗ бен кроссовер соқтығысып, 16 жастағы қыз қаза тапты

0
209


Ақмола облысында КамАЗ бен кроссовер соқтығысып, 16 жастағы қыз қаза тапты

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Ақмола облысында Hyundai Santa Fe кроссовері мен КамАЗ соқтығысып, 16 жастағы қыз қаза болды, деп жазады Zakon.kz.



Қайғылы жағдай 2025 жылғы 26 қыркүйекте Астана – Петропавл автожолының 289-шақырымында болған.

"Hyundai Santa Fe автокөлігінің 16 жастағы жолаушысы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. 65 жастағы жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді", - деп мәлімдеді Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Құқық қорғаушылар жол қозғалысы ережелерін сақтау маңыздылығын тағы да еске салады.

"Жылдамдық режимін сақтау өте маңызды, әсіресе, қозғалысы қарқынды учаскелерде, сондай-ақ көлік құралының техникалық жағдайын бақылап отыру қажет", - делінген Ақмола облысы полиция департаменінің хабарламасында.