Ақмола облысында ер адам әйелін қауып алған итті ұрып өлтірген

0
202

Полицейлер жануарға қатыгездік жасау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.


Ақмола облысында ер адам әйелін қауып алған итті ұрып өлтірген

фото: Sputnik/Ертай Сарбасов Sarbasov Ertay

ERNUR.KZ. Ақмола облысында ер адам итпен есеп айырысқан, деп жазады sputnik.kz.
Алдын ала ақпарат бойынша, 12 шілде күні кешке Жақсы ауданы ауылының тұрғыны ауылдасының үйіне барған. Осы кезде байлаудағы ит шынжырдан босап кетіп, әйелдің аяғын тістеп алған.
"Жәбірленушінің жұбайы жануар тұрған аулаға барып, итті ұрған. Жануар алған жарақаттарынан өліп қалды", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полицейлер қандай жағдай болмасын, жануарларға қатыгездік жасау заңды бұзу болып табылатынын және үлкен жауапкершілікке әкеп соғатынын атап өтті.
Айтуларынша, ит адамды қауып алса да, өз бетінше әрекет етуге жол берілмейді. Барлық мәселелер тек заң саласында шешілуі керек.