Ақмола обласындағы мейрамханада ер адам биші әйелге шабуыл жасаған (ВИДЕО)

0
113

​Оқиға той ортасында болған.


Ақмола обласындағы мейрамханада ер адам биші әйелге шабуыл жасаған (ВИДЕО)

Фото: скрин

ERNUR.KZ. Қосшы қаласындағы тойхананың бірінде удай мас ер адам биші қызды ұрып жібермек болған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Айсұлу есімді желі қолданушысы басынан өткен оқиғаны айтып, видео жүктеді.

Бейнежазбада көрініп тұрғандай, еңгезердей ер адам би барысында әйелдің қолынан ұстап алып, жұлқып, есіктен шығарып жіберген.

«14 жыл бойғы кәсібімде мұндай сұмдыққа ұшарамаппын, енді өнер көрсетуге қорқып қалдым. Ішімдікке сылқия тойып алған адам биімді дөрекі түрде тоқтатып, шабуыл жасады. Мен жалғызбасты анамын, 3 баламды би арқылы асырап отырмын, пәтер жалдап тұрамын», - деп жазды жәбірленуші.

Әйел полицияға арыз жазғанын айтты. Оған әріптестері желі арқылы қолдау көрсетіп жатыр. Редакция осы фактіге қатысты Ақмола облысының полиция департаментінен комментарий сұрады.