Ал, 30 тамыз мемлекеттік мереке ретінде күшін жояды.
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
ERNUR.KZ. Жаңа Конституция жобасының 94 бабы екінші тармағында жазылғандай, республикалық референдумда жаңа Конституция қабылданса, онда Конституция күні ол күшіне енген күн емес, референдум күніне белгіленеді. Бүгін Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев та осы бапты назарға ала отырып, жаңа Конституция күні қай датаға белгіленетінін айтып берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Жаңа Конституция жобасын оқыған шығарсыздар. Сонда жазылғандай, 94 баптың екінші тармағына сай, республикалық референдумда қабылданған Конституция күні мемлекеттік мереке болып жарияланады. Егер қазақстандықтар қолдап дауыс берсе, онда 15 наурыз – Конституция күні болып жарияланады. Сондықтан, 30 тамыз күшін жояды. Бұл 15 наурызда өтетін референдумның қорытындысына байланысты», - деді Әділет министрі


