«Әдемі» автонөмірлерге жаңа шектеулер енгізілді

0
101

Сонымен қатар, автокөлік болмаған жағдайда да «әдемі» нөмірге алдын ала өтінім беруге рұқсат етіледі.


«Әдемі» автонөмірлерге жаңа шектеулер енгізілді

Ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Қазақстанда кең сұранысқа ие «әдемі» мемлекеттік нөмірлерге қатысты бірқатар шектеу күшіне енді. Енді жүргізушілер таңдаған нөмірін өзге адамдарға сыйға беруге немесе сатып жібере алмайды, деп жазады ulysmedia.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, арнайы таңдалған нөмірді тек жақын туыстарға — ата-анасына, баласына немесе заңды некедегі жұбайының атына ғана рәсімдеуге мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, автокөлік болмаған жағдайда да «әдемі» нөмірге алдын ала өтінім беруге рұқсат етіледі. Мұндай нөмірлерді сақтау мерзімі шектелмейді.

- Таңдап алынған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін пайдалану тек оның иесіне ғана рұқсат етіледі.Сондай-ақ заңнамада мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін белгіленген тәртіппен иесінің жақын туыстарына беру мүмкіндігі көзделген. Несиеге алған көліктерге нөмір алу кезінде көлік құралының иесі кепілде тұрған банктен тіркеу куәлігін немесе мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін ауыстыру туралы рұқсат құжатын ұсынуы қажет, – дейді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Құзырлы органның дерегіне сәйкес, бүгінде таңдаулы мемлекеттік нөмірлерге 123 мыңнан астам азамат өтініш білдірген. Ең жоғары сұраныс Алматы қаласында тіркеліп отыр.