Абай облысындағы Орлов шахтасында өрт шықты

0
215

Тексеру барысында түтін Monomatic бұрғылау қондырғысы орналасқан аумақта болғаны анықталды.


Абай облысындағы Орлов шахтасында өрт шықты

фото: Пресс-служба АО Qarmet

ERNUR.KZ. Абай облысы Жезкенттегі Орлов шахтасында өрт шығып, жұмысшылар шұғыл эвакуацияланды. Бұл туралы KAZ Minerals Тобының корпоративтік байланыстар департаментінің менеджері Ермек Дюзкенев мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 8 тамыз сағат 22:05-те Орлов шахтасының 10-шы кен қабатында болған.
"Тау-кен қазбаларын тексеру және түтіннің шығу көзін жою жұмыстарына тау-кен құтқару қызметі жұмылдырылды. Тексеру барысында түтін Monomatic бұрғылау қондырғысы орналасқан аумақта болғаны анықталды", - дейді Ермек Дюзкенев.
Түтіннің шығу ошағы жедел жойылды. Зардап шеккендер жоқ.
"Алайда бұрғылау қондырғысына зақым келді. Алдын ала мәлімет бойынша, түтіннің шығуына электр кабелінің зақымдануы себеп болуы мүмкін. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталуда. Шахта қалыпты режимде жұмыс істеп тұр", - дейді Ермек Дюзкенев.