​Абай облысында қар астында қалған ақтастықтар үйінен терезеден шығып жүр

0
1 612

Аудандық метеостанцияның мәліметі бойынша қар жамылғысының биіктігі 95 см.


​Абай облысында қар астында қалған ақтастықтар үйінен терезеден шығып жүр

Абай облысында жауған қар жамылғысының биіктігі 4-5 метрден асып кеткен. Таулы аумақта орналасқан ауыл тұрғындары есіктен шыға алмай қалған, - деп жазады Tengrinews.kz.

Аудандық метеостанцияның мәліметі бойынша қар жамылғысының биіктігі 95 см. Таулы жерлерде қар жамылғысының биіктігі 1,5 м және кейбір елді-мекендерде, яғни Биғаш ауылына апарар жол "Қаракезең" Ақтас ауылы аумағында 4-5м дейін шамасында. Ал ауа температурасының төмендеуі -55 градусты көрсеткен.

"Көкпекті ауылы Ақтас ауылының жағдайы осы. Боран басталғалы қардың басқаны мынау. Екі күннен бері үйден екі елі шығалмай отырмыз. Есік ашылмайды , терезеден шығып, көмір әкеліп, қайта терезеден кіруге тура келді. Тазалаушы техникалар жеткенше күніміз осы", - дейді Ақтас ауылының тұрғыны Мұрат Кеңесбаев.

Ал жауапты басқарманың айтуынша, бүгінде республикалық маңызы бар "Омбы-Майқапшағай" автомобиль жолы, облыстық маңызы бар "Көкпекті-Васильев өткелі" және аудандық маңызы бар "Үлкенбөкен-Көкжайық-Үлгілімалшы", "Преображенка-Теректі -Шұғылбай" және "Көкпекті-Биғаш", "Көкпекті-Ақтас-Толағай" ауылдары арасындағы жолдары қардан тазартылуда. Қазіргі таңда, Көкпекті-Ұзынбұлақ, Ажа ауылына кіре беріс және Биғаш-Егінбұлақ аудандық маңызы бар автомобиль жолдары қардан ашылып жатыр.

Жол учаскелерінде 14 техника және 22 адам жұмыс істеп жатыр. Ауданда жолда қалған жолаушыларды орналастыру үшін эвакуациялық пункттер қойылған.