Шаруа қожалығы 3 850 гектар аумақта орналасқан және заманауи ауыл шаруашылығы техникасымен толық қамтамасыз етілген.
ERNUR.KZ. Абай облысының Ақсуат ауданында қуаттылығы 5 мың бас ірі қараға арналған заманауи мал бордақылау алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Шаруа қожалығы 3 850 гектар аумақта орналасқан және заманауи ауыл шаруашылығы техникасымен толық қамтамасыз етілген.
Қожалық қызметінің негізгі бағыттарының бірі – жергілікті тұрғындар мен жеке қосалқы шаруашылықтардан бұзауларды қабылдау. Бұл ауыл тұрғындарына қосымша табыс табуға мүмкіндік беріп, оларды агроөнеркәсіптік кешеннің өндірістік тізбегіне тартуға жол ашады.
Қазіргі таңда бордақылауда 1 200 бас бұқашық бар. Бордақылау алаңының іске қосылуы өңірде сиыр етін өндіру көлемін арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және Абай облысының ауыл экономикасын дамытуға қосымша серпін береді.


